– Әй, Балқия, жан бар ма оны білмес,
2630. Оны білмес болса, ол мүмін емес.
Ол ғазиз Пайғамбарды білмегеннің
Алланы білуге де ақылы келмес.
Неге біз білмейік ол Пайғамбарды,
Оның үшін жаратқан көк пен жерді.
Алланы білген кісі оны білер,
Алланы білмегендер кәпірлер-ді.