дүниеге келгенше адамдар түк білмейді, ешнәрседен бейхабар. Ал жарық дүниеге келе салысымен, адам болып жаратылғанын әлдекімге міндет қылып, әлек-шәлек талап-тілегін ала келеді. Әңгімені бер - берден бастайды. Әуелі тамақ тілейді, жөргек тілейді. Ә дегенмен жайлы ғұмырды жақсы көреді. Жаялығы жайсыз болсыншы - жаңа туған жас бала не істер екен? Екі аяғыңды бір етікке тығады. Сөйте -сөйте, атпалдай азамат болады. Бір жұтым қара су мен бір үзім қара нанды қанағат тұтар біреуін көрмейсің. Кедей байға жетсем дейді, бай Құдайға жетсем дейді. Кедейдің бай болғысы келетіні миға қонады, құлаққа кіреді. Ал байдың Құдай болғысы келетіні сұмды – ы - ық! Барлық пәленің бәрі осыдан туындайды, осыдан өрбиді, есіреді. Есірік жама - а -ап. Оған Құдіреттің зауалы ғана тосқауыл