Жаңбырына жалынсаң да көктемнің, Жуа алмайсың, жуылмайды өткен күн. Шайқап сансыз жүрегіңнің тұнығын Шаттығыңды ала қашып ұры күн, Бақыт оңай сипатпайды бұрымын, Өткен шақтың бір қатесін түзеуге Аздық етер кейде бүкіл ғұмырың.
dinmelskyzyhas quoted4 years ago
Сенің қатал, мейірімсіз жүрегің Жүрек екен қара тастан жаралған. —
Әсемhas quoted4 years ago
Шаттығыңды ала қашып ұры күн,
Бақыт оңай сипатпайды бұрымын,
Өткен шақтың бір қатесін түзеуге
Аздық етер кейде бүкіл ғұмырың.
Әсемhas quoted4 years ago
Махаббатта бір-ақ заң бар,
Ол — адалдық заңы, ұлым,
Сол заңменен өлшенеді қарымың мен дарының.
Мен әкеңнің махаббатын сақтап қалдым мәңгілік,
Мен әкеңнің кір шалмаған арымын.
dinmelskyzyhas quoted4 years ago
Әр биіктің өз сыры бар, сүйіктім, Өз жыры бар жан табылса тыңдарға.
dinmelskyzyhas quoted4 years ago
Намыс даусы: Бекер, бекер, мен жоқ жерде ерлік қашан оянды' Мен жоқ жерде Махаббат та болған емес баянды