Махаббат – бұл ғаламның жанын өзгертіп, құлпырта түсетін күн. Мен оған алғаш рет бойлаған кезде ол маған еш мүлтіксіз болып көрінді. Сонсоң мен оның бәріміздің сәулеміз екенін, онда да өзіндік ынтызарлықтар жататындығын, өз соғыстары жүріп жататындығын көрдім. Оны мына біз қоректендіреміз және де біз өмір сүріп жатқан орта біздің жақсы, әйтпесе нашар болғанымызға орай жақсы, әйтпесе нашар болады. Міне, осы кезде махаббаттың күш-қуаты араласады, өйткені, ғашық болғаныңда жақсырақ бола түсуге ұмтыласың.