Баяғыдан, жиырма жылдан бергі тәжірибесінен бұл біледі... Елге арналып жарлық шықса, әрқашан оның астарында келетін қатпар-қатпар қалтарысы, бұлтағы бар болады. Бой көрсетпей бұғып тұрып, түтікпен сорғандай ел қазынасын соратын: ұры сай, әдемі жылға, бекініс орындары бар.