bookmate game
kk
Free
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Түрлі әңгімелер

  • b2120020423has quoted2 years ago
    Өзі есен-аман болады, өзі бай болады, мейлінше тентек болады!- деген екен.
  • Ерлан Хисметhas quoted2 years ago
    Қазақта бір мақал бар: «Ата - биеден, алып анадан туады»- деген.
  • Ерлан Хисметhas quoted2 years ago
    Боран екеніңізді түнде дауысыңыздан таныдық.
  • Ерлан Хисметhas quoted2 years ago
    Түнде Боран батыр ащы дауыспен ақырғанда, жатқан қалмақтар шошып оянып:
  • Ерлан Хисметhas quoted2 years ago
    Кәбүрәға бір ноқат қосса кер болады.
  • Ерлан Хисметhas quoted2 years ago
    - Тіптазаны семіз, зор кеуделі, жуан қарынды күпті кісі екен.
  • Аяулым Еримбетhas quoted3 years ago
    Мұнан былай бас қосылса, екеуі ақындарша айтысатын болыпты да, жұрт сүйсініп, ұғып алатұғын болыпты.

    Сонда Әмір Темір:

    - Бұлар сөзге келгенде, бірін-бірі аямай айтысады. Ішінде бірін-бірі қандай көріседі екен?- деп, байқау үшін бір күні Тіптазаны жоқта Мірсейіт шәріфке айтыпты:

    - Тіптазаны семіз, зор кеуделі, жуан қарынды күпті кісі екен. Тегін тамақ табылған соң, аясын ба? Ішіп-жеп семіре берген ғой өзі де. Тамақ жегенде, он кісінің жейтұғынын бір-ақ өзі жеп қояды. Анау қарын толған...ғой. Соның ғылым қай жерінде тұрады дейсің, жұрт басына көтергенмен, әуеленіп кеткен ғой!- депті.

    Онда Мірсейіт шәріф айтыпты:

    - Жоқ, олай емес, Құдайдың құдіретінің шеберлігімен ғылым-білімге толық сауыт болсын деп, әдейі арнап жаратқан бір жаны. Егер мұнда мұның бойына орнаған ғылым-білім басқа біреуге орнаса, жарылып өлер еді. Құдай білмей жаратты деймісің? Бұлар бұ заманға екінші келмейтұғын жандар!- деген екен.

    Хош, бір күн Мірсейіт шәріф жоқ жерде ғұлама Тіптазаныға айтыпты:

    - Жарықтықтың қожалығынан, ата-бабасының аруағынан қорқып, пәлен-түген дей алмаймыз. Онан басқа қаралдысы анау, өзі шұрқылтайдың ұясындай, ғылым-білім сиярлық бөтегесі жоқ. Қай жерінде оқу тұрады соның?- депті. Қой, олай демеңіз! Адам болғанда, немен адам болмақ? Екі жапырақ еттің арқасы емес пе? Бірі - тіл, бірі - жүрек. Бұл өзі жаралғанда, өн бойында бір жапырақ арамы жоқ: өзі - тіл, өзі - жүрек болып жаралған жан. Жалғыз-ақ айыбы - қанатының жоқтығы. Егер қанаты болса, ұшып кетер еді. Осынша құдайдың берген өнерінің арқасында не ғып ұшып кетпей жүргеніне мен қайран асырмын!- деген екен.

    Бірін-бірі жақсы көретіндіктері сондай екен.
  • Аяулым Еримбетhas quoted3 years ago
    МІРСЕЙІТ ПЕН ТІПТАЗАНЫҢ ӘҢГІМЕЛЕРІ

    Мірсейіт Шәріфтің өзіне-өзі айтқан сөздің мағынасы:

    - Сен бұл мәжіліске келгенде, өзіңді зор санап: «Сол жерде отырсам да, танытармын өзімді!»,- деп кәбүрәді [1], тәкәббүрлікті [2] көлік қылып мініп келген едің. Енді оған бір ноқат қосып, соған мініп кайттың. Бәрекелді!»- дегені екен.

    Кәбүрәға бір ноқат қосса кер болады. «Кер»- деп, сарт тілінде қонақты айтады екен: «Алған олжаң сол - қонағыңды ұстап қайттың»,- дегені екен.

    «Бай бастас, би құлақтас» дегендей, Мірсейіт шәріф қожа Баһауалдинге жолығып, өзінің жоқ жерде орнын таппай отырғандығынан жығылып қалғандығын сөйледі дейді.

    Қожа Баһауалдин қожа намысына тартып:

    - Әмір Темірге арыз (ғарыз) бер: «Бір мәжіліс жасап, екеуімізді екі жағына алып отырып, бір сөйлестір»- деп, және мұны ғарызыңда қоса бер, оның шәкірттері (шәкіртлері) көп, әрбіреуі өзіндей болып жетіліп қалған. Ғұлама Тіптазанының өзінен басқа бір де бірі сөйлемейтұғын болсын. Сонан соң ойыңа алған сөзіңді сұра. Мен о бәлемнің алқымынан алайын, аузы аңқиып, соз сөйлей алмай аңырайсын да қалсын!-депті.

    Мірсейіт шәріф Әмір Темірге ғарыз қылыпты. Сонан соң Әмір Темір зор сияпат (зияпат) жасап, ғалым-ғұламалардан жан қалдырмай бастарын қосып, екеуін екі жағына алып отырыпты. Және ғұламаның шәкірттеріне жарлық қылыпты:

    - Бір де бірің бір ауыз ләм-мим деуші болмаңдар! Егер сөйлесеңдер, тілдеріңді кестіремін!- депті.

    - Ал, сөз бастаңдар!- дегенде Мірсейіт шәріф Тіптазаныдан:

    - Ғылым қай мақалладан?- депті.

    Білгені не керек, аузына сөз түспей, аңқиып тұрыпты да қалыпты. Сонда Тіптазанының бір шәкірті шыдай алмай:

    - Кәйф [3], бір йәд [4], сітт [5] нәша [6] биар еді, - депті.

    - Мірсейіт шәріф:

    - Әне-әне айтып қойды. «Кәйфәміз кетті ғой, нәша келтіріңдер»- деп, отырғаны: оның кәйфы кетіп, нәша сұрағаны емес, ғылым кэйфә мақалласынан еді. Ұстазы дағдарып тұрып қалған соң, аузына сөз салып отырғаны,- депті.

    Әмір Темір сөйлегішінің тілінің ұшын кестіріп, сонан ол имам Кәстілі атанып, ғақайырға көп шарх [7] сөйлеген.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)