Көптеген нан магазиндерінде үлкен тасты иығымен көтерген шаруаның бейнесі ағашқа немесе темірге ойып салынып, ілініп қойылған. Осы бейненің қайда жасалып, қай жерге ілінгенінде зор даналық бар. Сондықтан да эстондықтар ешқашан мөлшерден артық нан үзіп алмайды. Мен республиканы қанша рет аралап жүріп, асханаларда желінбей қалған нан көрген емеспін.