kk
Free
Жұмабаев,Мағжан Бекенұлы

Пайғамбар

  • b7027293076has quoted2 years ago
    Күншығыстан таң келеді — мен келем,

    Көк күңіренед: мен де көктей күңіренем.

    Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,

    Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем!

    Қап-қара түн. Қайғылы ауыр жер жыры,

    Қап-қара түн. Күңіренеді түн ұлы.
  • b7027293076has quoted2 years ago
    Қап-қара түн. Шегір көзді жындар жүр,

    Қап-қара түн. Қайғы мен қан ойнап тұр.

    Қайғы менен қара қанға тұншығып,

    Түн баласы ауыр ойлар ойлап тұр.

    Қап-қара түн. Уақыт ауыр өтеді,

    Ой артынан ойлар келіп кетеді.

    Түн баласы көр көзінен жас төгіп,

    Күншығыстан бір пайғамбар күтеді...

    Ерте күнде жоқ бар еді түн туған,

    Қап-қараңғы түн ішінде Күн туған.

    Отты Күннің сәулесінен от алтын

    Отты көзді, отты жанды Гун туған.

    Ерте күнде отты Күннен Гун туған,

    Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам.

    Жузімді де, қысық қара көзімді

    Туа сала жалынменен мен жуғам.

    Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,

    Мен — Кун ұлы, көзімде Күн нұры бар.

    Мен келемін, мен келемін, мен келем —

    Күннен туған, Гуннен туған пайгамбар.
  • b7027293076has quoted2 years ago
    Қап-қара түн. Шегір көзді жындар жүр,

    Қап-қара түн. Қайғы мен қан ойнап тұр.

    Қайғы менен қара қанға тұншығып,

    Түн баласы ауыр ойлар ойлап тұр.

    Қап-қара түн. Уақыт ауыр өтеді,

    Ой артынан ойлар келіп кетеді.

    Түн баласы көр көзінен жас төгіп,

    Күншығыстан бір пайғамбар күтеді...
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)