bookmate game
kk
Free
Jack London

Әйел қырық жанды

24 printed pages
Have you already read it? How did you like it?
👍👎

Impressions

  • Балнур Мухамеджановаshared an impression5 years ago

    ...Иә, шын сүйе алатын тек әйелдер ғана.
    Мопассан

  • Альбина Муратоваshared an impression5 years ago
    🔮Hidden Depths
    🎯Worthwhile
    💧Soppy

    Өте керемет жазылған. Бұл кітапты оқи отырып.
    ,махаббатта тек сүйген адам ғага құрбандыққа барарын білдім

  • Амангельды Сеилshared an impression5 years ago

    почему не указывается переводчик? это не этично! Укажите переводчика. Когда был переведен рассказ?

Quotes

  • Тогжан Ахметоваhas quoted5 years ago
    Шындығында, біз өліп-өшіп сүйген өмір дегеніміз ─ әншейін бір ойын емес пе, ол ойыннан түптің түбінде ұтып шыққан кім бар! Өмір сүру атымен ғұмыр бойы ит болып еңбек етесің, жаныңды шүберекке түйіп тәуекелге барасың, бұның ортасында қаншама қайғы-қасіретің, азабың мен бейнетің бар.
  • アセマAssemahas quoted4 years ago
    Осалдықтың бірінші белгісі ─ көпірме сөз екенін, ал шын мықтылар үлкен істі үнсіз тындыратынын
  • Расул Жаскайратулыhas quoted5 years ago
    Міне, достар Бұғылы тауда мәңгіге мұз жастанып қалған Пассуктың махаббаты осындай болған. Бұл ұлы махаббат еді. Көрдіңдер ме, өмір бойы азапты жолмен сүйреп-сүйреп келіп, ең ақырында басын құрдымға тіреген күйеуі үшін ол, әне, туған ағасын құрбан етті ғой! Махаббатының күштілігі сондай, ол тіпті өзін де аяп қалған жоқ. Көз жұмарынан сәл бұрын ол менің қолымды өзіне тартып, қоян терісінен тігілген белдемшесінің ішіне қарай жылжытқан. Сол сәтте саусақтарым ішіне қарай қатты тартып тастаған киінірек бір қапшықка іліккен. Бірден түсіне қойдым. Бейшара Пассук күн сайын екеуіміз тең бөлісіп жүрген тамақтың өзіне тиесілі жартысын ылғи да сол қапшыққа тыға берген ғой. Сонда кімге дейсің? Әрине, маған.

    ─ Пассуктың жолы осымен бітті, міне, ─ деді Пассук құлақ түбімнен. ─ Ал сенің жолың біткен жоқ, ол жол әйгілі Чилкут асуынан асып, талай-талай қырқа-белдерді басып, сонау теңіз жағасындағы Хейне миссиясына қарай жалғаса береді. Ол одан кейін де бітіп қалмайды, бір қиырдан бір қиырға құлаш ұрып, мың бұралып. жат елдерге, жарқын күндерге ұмтылады; бұл жолда сені ұзақ ғұмыр, үлкен құрмет, зор даңқтар күтіп тұрады. Ол сені асқан сұлу әйелдердің, ақылды әйелдердің отауына да алып барады, бірақ өзіңді Пассуктей сүйген ешкімді кезіктіре алмайсың.

    Мен оның дұрыс айтып жатқанын білдім. Бір сәт жын қаққандай жұлқынып, Пассуктың белдемшесінен алған қапшықты лақтырып тастап: менің де жолым бітті осымен, енді мен де сенімен бірге өлемін, деп аласұрдым. Алайда Пассуктың шаршай қараған жанарына жас толып:

    ─ Адамдар кез келген ортада Ситка Чарлиді адал деп білген, оның әрбір сөзі шыншылдығымен құрметтелген де. Ал қазір ол Бұғылы таудың етегінде бос сөзді мыжып тұрғанын біле ме? Бұл абырой ма оған? Ол кешегі күні бізді құтқарады деп, ең мықты итін, ең дәмді тамағын беріп аттандырған Қырқыншы Мильдегі адамдарды ұмытқаны ма қазір? Пассук әрқашан өзінің күйеуімен мақтана білген. Пассук сол мақтанышынан әлі де айырылғысы келмейді; ендеше ол қазір орнынан тұрып, шаңғысын киіп, дереу жолға шығады.

On the bookshelves

fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)