Шіркін, жер бетінде тек түн ғана болса. Адамдар тас қараңғы түнекте өмір сүрсе. Біреудің арық, біреудің семіз екені, біреудің киімі бүтін, біреудің киімі жыртық екені сонда байқалмас еді ғой. Біреу өзін артық санап, мақтанбас еді. Енді біреу кемдігіне қорланып, күйзелмес еді.