Көк аспанның астында еркін қалқыған қауырсын қанат азат құстай талмай ұшқан пенде — тірлігінде тіршіліктің қасиетін бағаламай, барында бардың қайырын көріп, жоғында жоқтың тауқыметін тартса да, тәубесін ұмытып, асып-тасқан күні астамшылық етіп, өзінен асар болса қастамшылық етіп, алысып-жұлысып, айтысып-тартысып, бірінің-бірі аяғынан шалып, іліге алмаса балағынан тартып келе жатқан тойымсыз жан.