Таласбек Әсемқұлов

Талтүс

    Leilahas quoted4 years ago
    Ептеп жатырқайтыны бар, — деді Баймұқан, — Қазір үйреніскеннен
    Думан Бықайhas quoted6 months ago
    Бірақ ағайын құтсыз болғаннан кейін, қай бір ісің өнеді.
    Дана Кайржановаhas quotedlast year
    Түстен кейін Әжігерей өзінің баяғы әдетінше ауыл сыртына шықты. Бала кезінен қалыптасқан әдеті. Торыққанда, қатты күйзелгенде оңаша кетіп, қайғысын жалғыз өзі күйттейді. Күзгі жауынның қарасуына арнасы недәуір молығып, баяу ағып жатқан Айғыздың жағасында біраз отырды. Күн жылы. Аспанда топ-тобымен ұшқан құстар. Кетуге дайындалып жатыр. Алысқа. Армандай алыс елге. Судың бетінде қалқыған үйеңкінің қызыл, сары жапырақтары. Тоғайға бармағалы көп болыпты. Орнынан тұрып өзенді өрлеп жоғары жүрді. Ауылдың соңғы үйлерінен асып, күзгі ылғалдан шаңы басылған қара жолға түсті. Күнде жүрген, ес білгеннен бері жүріп жүрген жолы. Әуелі қалың шилеуіт. Содан соң тырбиған қымыздық өскен
    Дана Кайржановаhas quotedlast year
    Жыртықтардан жалаңаш қабырғалар ырсиып көрінеді. Көкке қараған төрт аяқ та алба-жұлба тері мен ағып кеткен ет. Етсіз бас пен қарынның іші жерін жеп болып өлген құрттан көрінбейді. Тиіп кетсең қураған жапырақ құсап сыбдырлап, құм сияқты төгіліп жатыр.
    — Бұны неге көмбеген? — деді Ырысқали.
    Әжігерей түшкіріп қалды.
    — Білмеймін. Бастықтар, жиналыс ашып ешқайсың жоламаңдар деген. Содан бері бұл қораның жанынан ешкім жүрмейді.
    Ырысқали қораның түп жағына меңзеді.
    — Қарашы, біреу бар сияқты.
    Әжігерей анықтап қараған. Қораның алакөлеңке бұрышында қараң-құраң етіп жүрген екеуді бірден таныды.
    — Жүр, кеттік. Ол, анау сенің Таңсығыңдағы Алдабергенің сияқты, осы ауылдың қояншықтары. Біреуінің аты Қайырбек, біреуінің аты Еркін.
    Дана Кайржановаhas quotedlast year
    Сыртының ағы кетіп, сылағы әр жерден ойылған ұзын қораның есігіне тақағанда шіріген ет пен көгерген қорданың иісі аңқып қоя берді. Бұлар табалдырықтан аттағанда көк шыбын бұлттай болып көтерілген. Қораның ішінде етін жарым-жартылай құрт жеген, топыраққа батып көміле бастаған қой мен ешкінің өлексесі самсап жатыр. Ырысқалидың көзі бақырайып, өңі қуқыл тартты.
    — Сұмдық екен!
    Әжігерей, мүйізі жерге шаншылып, адам сияқты шалқасынан жатып өлген текенің жанына келіп жүресінен отырды. Көк қылшық тері әр жерінен жыртылған.
    Аңсар Данайhas quoted5 years ago
    Бейғам болғандықтан, — деді Жұмға, — Қазақ әлі бейғам. Ештеңенің де ретін білмейді. Тағдыр айдап біз де, талай жұрттың дәмін таттық. Әй, біздей аңғал, ертеңін ойламайтын халық жоқ-ау.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)