kk
Free
Сайын Мұратбеков

Алғашқы қар

  • Ameli Wonghas quoted6 years ago
    р. Бастықтан бір күнге деп сұрап алған тракторды, соған бола ертеңге дейін ұстаудың жөні тағы жоқ. Қайткенде де ол шөпті бүгін кештен қалдырмай фермаға жеткізіп алу керек. Кім біледі, бүгіннен қалса қол тие ме, тіпті қол тисе де ауа райы қалай болады? Таңертеңнен күн бұлыңғырланып тұр. Енді, әне кешке қарай батыс жақ күңгірт тартып, аспанды бұлт торлай бастады. Осының бәрін зыр қағып жүгіре жүріп ойлаған Күлипа сауыншыларды жинастырды. Кешкі сүттің есебін жазуды солардың біріне тапсырды да, шөпке өзі кетті.

    Трактор фермадан ілезде қара үзіп, ұзап шыққан. Еңіске қарай жылан бауыр бар салмағымен екпіндей құйылып, ағып келеді. Кабина іші тымырсық. Жанармайдың қоңырсық иісі қолқаны үзгендей. Лоблығып жүрегі айныған Күлипа басын сыртқа шығарып отырды. Жаңа байқады: дәл маңдайдан салқын жел үрлеп тұр екен. Күшейіп үдей соғар түрі бар. Күн көкжиекке арқан бойы төніп қалған. Бұлыңғыр бұлттың торына түсіп, күрең қоңыр боп тоттанып, тіпті көңілсіз жабырқау кескінмен батып барады. Сүрлеу жолдың екі жағында да жуырда айдалған майбөкпе қара нар. Онан әріде қурай-шөбінің сұры қашып, шаңғытқан ойлы-қырлы күзгі дала. Демін ішіне тартып сұрланып жатыр. Төбеден қанаттары сусылдап екі үйрек ұшып өтті. Көпке дейін көз ұшында жалп-жұлп етіп бұлдырап, ұзап бара жатты. «Бұлар қайтқан құстың соңы болар» деп түйді.

    Әлгінде ала өкпе болған Күлипаның ентігі басылып, салқын желден бойы тоңазиын деді.

    Бүгін ол таң қылаң бергеннен тыным тапқан жоқ. Тауық шақырған кезде ұшып тұрды да, шашын жүре тарап сыртқа шықты. Жарқырап Шолпан туыпты. Таң алакеуімденіп енді сызаттап келеді екен. Күлипа жүгірген бойда ауылдың о басы мен бұ басындағы сауыншылардың терезесін қағып, түгел оятты. Олардың ұйқысы қанбай күңкілдескенін елең қылмастан ертеңгі сауынды бастатты. Өзі қыршаңқы жиренге тоқым сап мініп, колхоз кеңсесіне тартты. Председательдің де тұрғаны сол екен, беті-қолын да жуа қоймапты. Күлипа оған кезіккен бойда соңынан қалмай қадалып жүріп, осы тракторды пар жыртып жүрген жерінен бір күнге сұрап алды. Өзі бас болып, кешке дейін сауыншыларға төңіректегі шөптерді тартқызды. Шаршағанын қазір ғана сезіп отыр. Бойы дел-сал боп салдырап, ойылған алақандары дуылдап ашып, сәл қисайса ұйықтап кеткелі отыр.

    Тракторист Сұлтан сол таңертеңгі үн-түнсіз меңірейген күйінде. Бір ауыз артық тіл
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)