Жұма мешітке әлдене заманнан бері сол жалған қан, жалған Ғұсман құранын әлдебір алымпаз да жемпаз жем-сау бұйрығы қалдырғанда қондырған екен. Ол ғана емес, құранды көріп бола бере, ол әрі жылжып кетті де, енді бір сопақша шыны сауыт шықты. Төбесінде күмістеген бұрандалы қақпағы бар. Қақпақты, беті-жүзі бізге көрінбейтін бір жанның қатып қалған көмірдей қара жіңішке саусақтары бұрап ашып алып, әрі қарай тарта берді. Сауыт ішінен біздің көзімізге тіп-тік боп қарайып, сауыттан бөліне сорайып тұрған жіңішке проволка талы көрінді. Мәлім етулері бойынша, бұл — дәл Мұхаммед пайғамбардың өз сақалының бір талы екен.