Қатыны өлген, үйінде жетім баласы бар, бетін шешек жеген, қисық қара сақалды, тарғыл торғай сияқты Шәкірге — бай, атақты, мықты адамдар қыздарын отыз шақты қараға бере қоймайтын болған соң бөтен елге келіп, Кәдір сияқты кісінің Айша сияқты көкөрімдей қызын көрген соң — Боранбайдың Шәкірі мал-жанын сала қадалып алғалы жатыр.