Әдебиет жолы қиын жол. Ауыр сапарды қалаған адам оңай өмір сүре алмайды. Жазушы деген өмір бойы сахнада жүретін адам. Жұрт көзі оның әр адымын қапы жібермейді. Жан аярлығыңды, жалғыз тамшы күшіңді іркіп қалғаныңды кешпейді олар. Майданда қорқақ жауынгер жексұрын болса, әдебиетте жалған жазушы жексұрын.