Шынымен, жасыған көңіл жадырай ма? Шынымен, солған өмір қайта көгере ме екен? Адам аяғынан айырылады екен, қолынан айырылады екен, адам ажардан, сүйікті жардан айырылады екен, адам от басынан, ошақ қасынан, басқа түссе бақытынан айырылады екен. Бірақ арманнан айырыла алмайды екен. Мен осы уақытқа дейін ауа жұтып, жарық дүниені терезенің бір қиығынан болса да көріп жатсам, оным осы арманның арқасы