"Кім кінәлі?"де Ғазизаның ауыр тағдыры баяндалады. Оны дертке душар қылған не еді, кінәлі кім? Сүйген жарына қосыла алмау мен көрген қорлығы ма кінәлі? Әдепкі қыз тағдырын сөз қылған шығарма.
Ғазижаны әкесі Ысмайыл бір қатыны өлген біреуге күйеуге күштеп бергісі келеді. Ғазиза оған көнбейді. Себебі оның сүйгені оқыған жігіт - Ісләм. Бірақ Іслам қанша оқыған жігіт болса да жасқаншақ. Маған солай көрінді. Ол Ғазизаны күштеп күйеуге бергелі жатқан, құда күйеу келгелі жатқан шақта Ысмайылдардың ауылына келеді. Ысмайылдың құдасы Әзімханның баласы ғой.
Ғазиза екеуі түні бойы сыр шертісіп, не де болса бірге көріп алдық дейді. Бұлардың әмпей жәмпейін күйеу Жақып біліп қояды. Ғазизаға сес көрсетсе де көнбейтінін білген ол қызды соққыға жығады.
Қыз күйіктен әрі жеңілтек сыртқа шыққанннан науқастанып төсек тартып қалады. Бұл науқас жай науқас емес, асқынған күйіктің ақыры еді...
Соңын өздеріңіз оқыңыздар.
Өте керемет туынды.
Күшті, сендергеде оқуға кеңес берер едім. Бірақ соңы....😓
мощно
Өте әсерлі оқуға кеңес беремін 😭😭💔
Өте тамаша
Кім кінәлі? Мұхтар Әуезов
Өте әсерлі
Я понимаю Ислама.
Қатал тағдырдың айқын көрінісі