Кітаптағы шытырман оқиғалы шығармалар бас кейіпкердің аузынан естіген әңгіме желісімен жазылды. Ұзақ жыл ауданда прокурор болып қызмет істеген заңгер қоғамдық құрылыс өзгеріп, еліміз тәуелсіздік алған соң, отставкаға шығып, қорғаушы болып жүргенде, бұрынғы шәкірті ішкі істер бөлімінің тергеу басқармасын басқаруға қолқа салады. Ол осы жаңа қызметінде қарамағындағы тергеу ісінен тәжірибесі аз жастарды қылмысты әшкерелеудегі алуан әрекеттердің қыр-сырына үңілдіріп, тәлімгерлік көрсетеді.