Қатыгез қайсыбір сағатта
Өмірді келеді тастағың.
Сонда да үмітті жоғалтпа
Қаралы күндерден қашпағын.
Сабыр ет, тоқтау қыл, шеше біл,
Тағдырың ұлы оғын жолдаса.
Өзің-ақ ойлашы, несі өмір
Қуаныш, қайғысы болмаса.
Қай жерде тіршілік өмір бар,
Сол жерде қуаныш, қайғы да.
Болса да алдың - құз, артың - жар,
Төзе біл, өмір сүр, айныма