Әке, әке, әке қымбат, әрине,
Сол қамқоршы семьяға, әр үйге.
– Көп жыл болды, ол өмірден кеткелі,
Бірақ менде елесі жүр әлі де.
Ол жас еді, Октябрьмен бірге өскен,
Ол емес-ті күнін босқа түгескен.
Оның өмірі күреспенен басталып,
Оның өмірі аяқталды күреспен.
Отан үшін, семья үшін, мен үшін,
Аямады ол не өмірін, не күшін.
–Тәрбие ал, –деп, қалдырыпты ол маған
Коммунистік ерлік ісін, жеңісін.
Әрқашанда қарапайым кіші еді,
Менің әкем міне осындай кісі еді.
Есіме алам... Есіме алсам, мақтанам:
Коммунистік партияға ол мүше еді!