bookmate game
kk
Free

Оралхан Бокей. Камшыгер

  • Thibàu Kèlddiçhas quoted4 years ago
    - Апыр-ай, Садаға. Біз де ерсек қайтеді,— деп, үздіге тақымдаған жігіттерге:

    - Қауқарларың қатындарыңа жетпейтіні бар, құйрықтарыңды қыспаймысыңдар. Қайта шабу не теңіміз, — деп, қатты қайырып тастады. Өзі атқа қонды
  • Thibàu Kèlddiçhas quoted4 years ago
    Тфу, атаңа нәлет! Пышағым ет жеген жерімде қалып қойыпты,— деді бұлқан-талқан ашуланып.

    - Садаға, менікін алыңыз...— деп, алтауы бірдей шошаң қағысып пышақтарын ұсынып еді, қай бұрынын алып, қолындағы жаңқаны үшкілдеп ұштады. Тісінің арасын шұқыды. Тілге жаңа келді.

    - Сендер мені осы жерден күтесіңдер.

    - Сіз қайда барасыз?!

    - Керейден тігерге тұяқ алмай кері оралу — туасымда жоқ ырым.

    - Біз де барамыз. «Аузы күйген үріп ішер» деген. Енді берік болармыз, Садаға,— деп, әлденеден құр қалатындай жамырасты жігіттер.

    - Жоқ. Үйірімен жылқы алдырмайды олар. Сақ отыр. Мен күзетшінің шідердегі атын ұрлаймын,— деді тісін шұқыған күйі.
  • Thibàu Kèlddiçhas quoted4 years ago
    Дегенмен, үлкен бір орашолақ әбестік жасағандарына қиналыстан гөрі, Садақбайдан қаймығу, ұялу басым секілді. Жолбасшыларының бұлайша сыздана
  • Thibàu Kèlddiçhas quoted4 years ago
    Үй, қолаба ынжықтар-ай!— деп, тісін шақыр-шұқыр қайрап, ақырып жіберді
  • Thibàu Kèlddiçhas quoted4 years ago
    Садақбай ауыл жақты қарауылдай байырқалап қалған-ды. Жігіттердің анау бос белбеу пәстігіне қаны қайнап, шиыршық атып тұрған. Ауыл жақтан аттаншы шықпаса, өкпе тұсынан өзі килігем бе деп еді
  • Thibàu Kèlddiçhas quoted4 years ago
    Апыр-ай, маған не көрінді бүгін...»
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)