Біздің ең алғашқы оқытушымыз Орынбор қаласындағы (қазір Чкалов қаласы) оқытушылар даярлайтын мектепті бітіріп шыққан жас жігіт еді. Ол өзі оқытатын дәрісіне жетік, өз ісіне тап-тұйнақтай, аса ұқыпты, мейлінше мәдениетті адам еді.
Ол Алакөлдегі екі жылдық ауылдық мектепте де, кейін Қарағайлы көлдегі (Боровой) төрт жылдық мектепте де орыс тілінен сабақ берген еді. Өзі орта бойлы, мұрты жаң,а ғана тебіндеп шығып келе жатқан, қара торы жігіт болатын. Кішіпейіл, мейрімді, сабырлы кісі еді