kk
Free
Мұхтар Әуезов

Қасеннің құбылыстары

48 printed pages
Have you already read it? How did you like it?
👍👎

Impressions

  • Меруерт Надироваshared an impression2 years ago
    👍Worth reading

Quotes

  • Айсулуhas quoted12 days ago
    Ойпыр-ай, не деген, не деген биік! Көріп пе ем осыны бұрын, көрмеп пе ем? Не қылған қап-қара? Неліктен жап-жалаңаш... Бұ қай тау, жаным-ау?.. Қандайлық қап-қараңғы дүние. Түн бе, алакөлеңке ме, әлде не?.. Не қылған құлазыған жалғыздық... Қайдан, қалайша кеп қалдым осында?..

    Тау зорайып, пішіні суып аспандап барады. Аяғының астына қарай алар емес... Салған сайын тіктеніп шаншыла түседі. Астында әлсіреген бір жаман ат... Аяғын жылжыта алмай қалтырап тұрғандай. Сондай халде өзі. Төменгі жағы көз алдында құлазып, шаншылып тас құзға айналып барады. Ар жағы?! Қарай алмай көзін жұма берген сияқты. Қап-қара боп, азынап ашылып бара жатыр. Тұнжыраған түпсіз қара қуыс... Ажал исі аңқиды.

    Қапсағай қара қойнын ашқан өлім бе?..

    — Өлдім-ау... Кеттім-ау... Бітті деген осы ма?

    Бұлқынып қалды, бірдеме тарс етті...

    Жәмиланың даусын есітті. Ашулы, ащы екен... Сонда да майдай тиді. "Уһ!" деп көзін ашты.

    Есікті екінші рет тарс еткізіп жауып қалып: — Құртар болдың ғой әбден, түге... Құдай құртқан немелер! Құрттың ғой бізді де әбден!1— деп келе жатқан анық Жәмила, өзінің қатыны.

    Аяздай соғып ұшқындап келсе де, бұл жанағы жалғыздық емес... Қара құз ажал емес... Жер... Ол да емес-ау... Тіпті өзінің үйі... Өз төсегі... тірі... бар...

    — Жәмиламысың? Уһ. Жәмила-ай.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)