kk
Free
Мұхтар Әуезов

Сөніп-жану

  • Shaira Zhurakhanovahas quoted2 days ago
    «Мінезсіз емес көрінеді. Ақылы да дұрыс, есті адам сияқты. Қазақ қызының ортасында қатын болуға жарайтын адам деген сынымыз көп адасқан сын емес екен!» — деді.
  • Shaira Zhurakhanovahas quoted2 days ago
    қалыңдығынан құмар болып сүйетін, ғашық болғандай болып елжірейтін түрдің жоқтығын байқады.
  • Shaira Zhurakhanovahas quoted2 days ago
    Ендеше, тіпті қазақ әйеліндегі сыпайылық, әдептілік, майысқан мінезділік сырттан көрінетін ғана бір жансыз сурет.
  • Shaira Zhurakhanovahas quoted2 days ago
    қырдағы көп кедейдің қатынының біріндей қызықсыз бір қыз болып шықты ма?»
  • Shaira Zhurakhanovahas quoted2 days ago
    Қазақтың шөп желке қызының өзі!
  • Shaira Zhurakhanovahas quoted2 days ago
    Қыздың өзі қатын болуға жарайды.
  • Shaira Zhurakhanovahas quoted2 days ago
    ыр қызынан шығады дейтінбіз. Соның ішінде әсіресе жақсы тәрбиелі қыз, жақсы мінезді қыз — адал, момын кедей қызы болады дейтінбіз. Мына көрген қыз, өз ойымша, сол сынға толатын сияқты. Алдымен, пішінін алсақ, менің өзіме сұлу сияқты көрінді. Екінші, түсінен сынағанымда мінезі де жаман болмас деймін. Адамшылықты бағалай білетін, еркекке адал дос болатын, жүрегі жылы, махаббатты адам болғандай. Онан соң, әсіресе маған жақсы көрінетіні — әке-шешесі. Барлық сөзі, барлық мінезімен қырда отырып, Толстойдың жолын тұтқан адам сияқты. Толстойдың бір крестьяндар ішінен шығатын діншіл, мінезді, бауырмал, рақымды, жылы жүректі типтері болушы еді ғой.
  • Shaira Zhurakhanovahas quoted2 days ago
    Біздей оқып жүрген жігіттерге қырда жақсы тәрбие алған, мінезі жақсы, адамшылығы бар ел қызын алу керек. Соны тәрбиелеп адам қылу — міндет! Кісіге шын дос, шынымен бас сыйлайтын, өзіңді құрметтей білетін, жаныңа ауыртпалық түсірмейтін, қабағыңа қарап іс қылатын таза жолдас
  • Shaira Zhurakhanovahas quoted2 days ago
    Бір көргеннен кісі қайсысының ішін біліп қояды? Соған қарағанда, көріп алдым дегеннің өзі бос сөз болып шығады. Кісі қатынды әуелі ақылмен ойлап, көңілді бір жерге тоқтатып алып, сонан соң тәуекелмен алады. Әйтпесе әбден мінездес, сырлас болып, таныстығы бар сырмінез қызды алады. Қалай болса да, кісіге көңілін бір жерге байлайтын қанағат керек. Сонан соң тәуекел деп бір нәрсеге бекінесің. Жә, енді мына қыз туралы ойыңды айт! — деді.
  • bimuratovaayazhanhas quoted7 days ago
    Ендеше, тіпті қазақ әйеліндегі сыпайылық, әдептілік, майысқан мінезділік сырттан көрінетін ғана бір жансыз сурет. Шынында, олар қысырақтың айғырына бола матастырған жас байталдай, илегенінің бәріне көніп, өз ықтиярымен ешнәрсені тілей алмай, істей алмай, жүн болып баратын намыссыз, жігерсіз, отсыз деп бір түңілді. Сонымен қатар Сыздық қазіргі уақыттағы өз халін сол тілсіз мылқау ұрғашы малдың жанына матастырылған бір сыңарындай көрді... Ел салтынан жігіттің нәзік қылды жүрегін жиренткендей болды.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)