bookmate game
Қабдеш Жұмаділов

Дарабоз. І кітап

Notify me when the book’s added
To read this book, upload an EPUB or FB2 file to Bookmate. How do I upload a book?
  • b4076559510has quoted6 years ago
    Ата жауды Алатаудан алас-тап, Жетісудан желкелеп қуып шыққанда да, майданның қызу ортасында сендер жүрдіңдер. Алаш ұранды ағайыннан аянып қалған жерің жоқ. Рақмет, бауырларым! Бүгін, міне, кезек өздеріңе келіп, ата жұртты азат етер күн туды. Есептескен ел болмайды. Қандас бауырдан қарымта қайтпады, аттың тері, ердің еңбегі төленбеді деп тарықпаңдар. Илегеніміз — бір терінің пұшпағы, қорғағанымыз — бір қазақтың даласы. Жаңа айттым ғой: биылғы жүк ауыры — өздерінде. Найман атан баласы өзінің ежелгі салтын сақтап, биыл да бір түмен қолмен ту түбінен табылар деп сенемін!
  • Zhan Usenovahas quoted3 years ago
    Арғын ішінде Жеті момынның Шақшақ бұтағынан тарайтын Қошқарұлы Жәнібек неше атасынан батырлық, билік үзілмеген, Абылай хан тағына отырғанға дейін, Орта жүздегі төрт тіректің бірі саналған, аса аруақты кісі еді.
  • Zhan Usenovahas quoted3 years ago
    Бұқара халық өзі жасаған тізімде сол төрт тіректі: «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек
  • Zhan Usenovahas quoted3 years ago
    Торғай мен Ырғыз аралығында Кіші жүзбен жапсарлас отыратын, Әбілқайырдың қарындасын тоқалдыққа алып, кейінгі кезде қайнағасымен ым-жымы жарасып жақын жүретін Шақшақ Жәнібек те келер-келмесі екіталай болып, дәл кеңес басталар алдында, бір топ нөкерімен ырғалып-жырғалып зорға жетті.
  • Zhan Usenovahas quoted3 years ago
    Бұл жолы да: «Хан кеңесіне бара алмаймын, Петрбордан келетін орыс елшісін күтіп отырмын» деп сәлем айтыпты.
  • Zhan Usenovahas quoted3 years ago
    Әбілқайыр ен соңғы рет 1730 жылғы Жоңғарға қарсы жорықтарға қатысып, қолбасы ретінде абыройға ие болып жүрді де, Аңырақай соғысынан кейін сабынша бұзылды. Сол жылы қайтыс болған Болаттың орнына мені ұлы хан етіп сайламадыңдар деп өкпелеп, өзіне тиесілі әскермен ұрыс майданын тастап кеткен-ді.
  • Zhan Usenovahas quoted3 years ago
    Алаш ұранды қазақ бұл күнде үшке бөлініп, Ұлы жүз жері Жоңғардың қоластында қалып, Кіші жүз руларының дені орысқа бағынған Әбілқайыр ханның соңына ілесіп, Әбілмәмбеттің құзырында негізінен Орта жүз ғана қалғанымен, осыдан отыз жыл бұрын еткен қазақтың ұлы ханы Әз-Тәукенің аруағын сыйлаған жұрт оның немересі отырған шаңырақты әлі де Ұлы орда деп білуші еді.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)