Жаңа түскен келіншектер ұзатылып барған ауылының барлық балаларына
өзінше бір ат қойып алады: тентегім, еркебала, кішкенем, тағы-тағылар.
Біздің ауылдың балаларынан Кәменнің бірінші ат қойған баласы мен
болдым... Онын үстіне "Інішегім" дегені қандай жақын, қандай ыстық естілді.