Әлеумет, құрметтерiңiзге құлдық. Бұл ақша мына жас палуанды оқыту қаржысына жұмсалсын. Мен осындай қаржының табылмағанынан қартайғанша мүгедек болып, бойыма бiткен өрен қайратымды шарықтата алмай ел iшiнде қалдым. Керексiз уақытта табылған кеннiң керегi қанша? Бұл дүние осыған берiлсiн, – деп қалтаны қасындағы Мұқанға қарай ұсынды.
– Мен күштi молдадан алғаным жоқ. Құлағымды жұлып, жанымды таспадай тiлген соң, көрмегенiм молда болсын деп кетiп қалғам. Нағашы атам мен өзiмнiң бабам оқымай-ақ – Лук, Ернақ палуан атаныпты. Маған ақша төлеп оқудың керегi жоқ. Онда барған соң тағы бiреуi дүрелеп жүрер. Онан да жасың болса келiп қалған, бала-шағаң бар сен ал, – деп өз үлесiн де қосып