I
Түрме әкімшілігі айламызды асырдық деп ойлады.
Арыстан мен жолбарысты бір торға қамап қойсаң бірін-бірі талап, ақыры екеуі де талмаусырап, өзінен-өзі жүнжіп құриды. Әсіресе бір камераға қазақпен қатар орысты отырғызу Приходько мырзаның ойынша, арыстан мен жолбарыстың ырылдасуынан да зорырақ жанжалға апарып соқса керек еді...