- өмір... өмір... тағдыр... Біреудің өмірі даланың жуас өзеніндей — тыныш қана баяу ағып, уақыты жеткенде сағасына құяды. Талай жандар сондай жайма-шуақ өмір кешеді. Жұрт ондайларды бақытты деп санайды. Ал, кейбіреулердің тыныш өмірі дауыл тұрғандай шайқалып, аяқ астынан астан-кестен боп, күйреп, қаусап жатады.