Әлімнің 6 баласының біреуі – Қарамашақ, одан туған 4 бала төртеуі де, бірдей тең болып өседі және өте бап болады-мыс. Тойда, аста, жиында төртеуі бірге тізе қосып жүреді, содан халық: «Әй, мына бір төрт қараның жүрген жері айқай-шу, төбелес шығарса, жүрген жерін оңдырмайды, осы бір төрт қара жігіттерден сақтану керек», – деп сөз бола бастапты да, содан барып, аяғында, Қарамашақтың төрт баласы кейінде “Төртқара” делініп атанып кетеді.