Күнелту жолында адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім, қайратынын арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр. Бұл заманда жан сақтауға, бас қорғауға, тұрмысты түзетуге қалып отырған құрал – өнер, ғылым, қысқаша айтқанда мәдениет.