Осындай жағдайда Батудың «балаларыңа тимейміз» деген сөзі жеткен. Балаларын қалдырады деген, хан сөзіне сенген. Сенбеске де амалдары жоқ еді. Лажсыз қақпаны ашқан. Бірақ Бату уәдесінде тұрмаған. Қаланы ала алмай көп кідіріп, біраз жауынгерін жоғалтқан ызалы хан, әскеріне әйелдерді қатар тізіп қойғызып, көз алдарында балаларын монғолдың имек жүзді алдаспандарымен шапқылатып өлтірткен.