kk
Free
Зейнолла Қабдолов

Жалын

  • Бум Бумhas quoted4 years ago
    Асылы, адам құлқы әр түрлі. Біреулер осы өмірді өтпестей көреді, қанағаттан айырылады, көз алдындағы қызарған мен жылтырағанның бәрін өзгеден бұрын шеңгелдеп, өзіне иемденіп қалмақ боп омақаса жығынып әбігер. Көзде қызыл, кеудеде қыжыл; бір өзінен өзгеден бәрін қызғанады. Сондықтан айналасына көз алартып, бұғып тұрып тас лақтырудан да жүз жанбайды.

    Солар да Дәурен сүрдім, адамша тіршілік еттім, ғұмыр кештім дей ме екен?..

    Енді біреулер өмірді күрмеуге келмейтін қысқа жіптей көреді. Күндер өткен сайын ажалға, өзінің ақырғы сағатына жақындай түскендей сезеді. Сондықтан оны өмірден гөрі өлім көбірек толғантады. Өзі әжептәуір тақуалау келеді. Тірлік қамына тым енжар, салғырт...
  • Бум Бумhas quoted4 years ago
    Ғылымды, не өнерді жеңіл-желпі кәсіпке айналдырып, күн керіс жасамақ болғанша, қолға күрек алып жер қазған дұрыс.
  • Бум Бумhas quoted4 years ago
    Ғылым ордасы, өнер ордасы — ақыл, ар ордасы. Бұл ордаларға тек ардан туған, арман қуған адам ғана кіруге тиіс. Ақыл, ар ордаларының есігін ашқан әр адам тек ақылға ақыл, арға ар қосуға ғана келуі шарт.
  • Бум Бумhas quoted4 years ago
    Тірі кісі үшін, әсіресе, өзін жазықсыз жазықты сезінуден ауыр азап жоқ.
  • Бум Бумhas quoted4 years ago
    Біреулер болады... Ғылымнан гөрі ғылым адамдарының арақатынасын, тату-араздығын танып-білуге шебер. Ондайлардан түбінде ғалым емес, залым шығады.
  • Бум Бумhas quoted4 years ago
    Кісі кейде балаға ұқсайды. Қабен түнді жек көрді. Ойы да әртарап, жүйесіз еді: түн — дүниенің суқараңғы соқырлығы... Аһ, түн!.. Ниеті қаралар түнді ториды. Қылмыстың көбі түнде жасалады. Түн не үшін керек? Не рақат бар түнде тұрған?!
  • Бум Бумhas quoted4 years ago
    Қыз кескінін қызықтауына қарағанда бозбала болуға тиіс. Қайран, қыз!.. "Қызға кім қызықпайды, қымызды кім ішпейді..."
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)