kk
Free
Walter Scott

Айбынды батыр Айвенго

693 printed pages
Have you already read it? How did you like it?
👍👎

Quotes

  • Ирина Осипенкоhas quoted6 years ago
    Жоқ, жоқ, ол болмайды,— деді Исаак,— теңгелеріңді шығар... жайып сал мұнда... сексен ділданы, сонсоң менің мырзалығымды көресің.
    Гурт сексен ділданы столдың үстіне жайып салды, ал Исаак ақшаны біртіндеп санап алып, ат пен сауыт-сайманды алдым деп қолхат берді.
  • Ирина Осипенкоhas quoted6 years ago
    Ой, олардың аты өліп, жаяу қалсыншы!—деді жебірей.— Бірақ сен мені тастап кете көрме, қайрымды жаһанкез. Сонау кәпірстан ғымаратшы мен оның сарацин құлдарын білесің ғой. Жер шегіне де, мекен-жайға да, иесінің атақ-даңқына да қарамайды олар.
    — Біздің жолымыз осы арадан бастап екі айырылуға тиіс. Шын қажеттігі жоқ жағдайда менің атағымдағы адамның сенімен қатар жүруіне болмайды. Оның үстіне қару-жарағы сай екі бірдей жәдігөйге құдай деген мен сияқты бейбіт пенде не істей алады?
    — О, жақсы жігіт! — деп без ете қалды жебірей.— Сен маған болыса аласың және болысасың да. Қанша кедей болсам да, мен де соның қаруын қайырармын — бірақ ақшамен емес, Авраам бабам біледі, ондай ақша менде жоқ.
  • Ирина Осипенкоhas quoted6 years ago
    О, несін айтасыз, оны білмегенде мен нені білуші едім,—деді Исаак.— Қасиетті бұл тақсырлармен мен күн сайын сауда-саттық жасап тұрамын, олардан бидай да, сұлы да, әр қилы жеміс-жидек те және тағы көп жүн де сатып алып тұрамын. Ой, бұл бір аса бай ғымарат, Жорводағы әулие тақсырлар не ішейін, не жейін демейді, жегені —дәмді тағам, ішкені — тәтті шарап. О,шіркін, мен сияқты қаңғыбас кедейдің осындай мекен-жайы, ай сайын, жыл сайын ағылып жататын осындай табысы болар ма еді десейші, онда ғой мен тұтқыннан азат болуым үшін қанша алтын, қанша күміс керек болса, аямай-ақ төгер едім!
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)