Бостандық адамның өзiнiң iшiнде, санасында. Тумысында қорқақ, жағымпаз жанға қанша хұқықтық бостандық бергенмен, ол бостан бола алмайды. Шектен тыс өзiмшiл, шенқұмар, нәпсiқұмар, ашқарақ адамдар ешқашан да бостан бола алмайды. Өйткенi олар өздерiнiң әлгi ниеттерi мен пиғылдарының құлақкестi құлдары.
“Бостандық деген не? – Ар-ұяттың тазалығы”,- деген бiздiң дәуiрiмiзден жетi ғасырдай бұрын жер бетiндегi жетi дананың бiрi – Периандр Коринфский.