Түндей тұңғиық көздері ыстық жас үшін жаралғандай болды. Бірақ сонда да Қаракөз бір байлауына тастай мықты болып шыдап келе жатты. Өзге дүниеде өз көңілінен азғандай теріс шыққан нәрсе қинап жібергендей болса, өміріндегі ең ауыр, ең қайғылы түйінге келгенде Қаракөз өзін аямастан қатты ұстап, қандай қиын азапқа болса да көндіріп келеді.