семіріп алыпты өзі. Жұмыс қиын деп жыланады. Өтірік айта ма деймін. Ақшаны көп табамын, күзде мотороллер сатып аламын деді. Сіз білмейсіз, Сейсен мақтаншақ болып кеткен. Байқайм, көршінің өзімен бірге оқитын әне біреу жирен шаш қызына ғашық. Көптен бері. Жасырады, елдің бәрін түк білмейтін аңқау, ақмақ деп ойлайды. О, шікінің! Көктемде әлгі қыз (көршінің қызы) оныншы класта оқитын Ботпаймен көшеде сөйлесіп еді, қатты бұзылды. Отын жармады деп сылтауратты, мені ұрғысы келді әуелі. О шікінің! Таз ашуын тырнадан алады, солай емес пе, аға? Олар ылғи да кішілерге күш көрсетеді. Мықты болса Ботпайды соқпай ма? Аға деймн, Сейсеннің тоғызыншы кластан қызды ойлайтын несі? Олай болмайды ғой. Ертең бұзылып кетсе қайтеді?"
Ержан қаламын тістелеп ойланып отыр. Сейсенді тым сүмірейтіп жіберді ме, немене? Сол тұстарды сызып тастаса