Далаға әбден бауыр басқан кейбір қазақтар үй маңынан ошақ қазып, жалынын лаулатып у-шу боп жатысты. Алыстан қарағанда бұл ешқандай да үй емес, өртеніп жатқан кеме сияқты еді. Адамдардың бірі кіріп, бірі шығып, бірі келі түйіп, екіншісі диірмен тартып, қабырғаға құлаштап шеге қағып, әр балконда от жанып, үй маңы жалынға толып, бес қабатты коммунистік екі жатақхана өмірге келген күннен бастап құдайдан көресісін көріп жатты