«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы – қазақтың тұңғыш эпопеясы. «Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп, 19 ғасырдың 40–50-жылдарын М. О. Әуезов туған әдебиетіміздің даму тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды.