Дін — идеология, дін — ғылым. Оны білмегендер — біздегі көптеген дүмшелер. Дүмше молда дін бұзар. Қалтай дінбұзар дүмшелермен күресіп келеді.
Нұралы Орақбайhas quoted2 years ago
расан еңбек. Оны кітап баспасы басып шығара алмай ыңыранып жатыр. Баспалардан қауқар кетті. Кітап мүлде азайды. Ал «Мың бір түн» айтады: адамды ажалдан құтқарған әдебиет дейді. Есіңізде ме: қара құлмен ойнас қатынның опасыздығына қаһарланған патша күнде бір қызбен түнеп шығып, тан. ата басын шауып тастай бермеуші ме еді. Кезек Шахаризадаға келгенде ол патшаға айтқан неше алуан ғажайып көркем әңгіме мың бір түнге созылып, ажалдан аман қалмаушы ма еді.
Бұл даналық нені меңзейді? Әдебиет, мәдениет жоқ жерге ажал үйір дегенді меңзейді. Рухани жүдеу — ажалмен тең.