Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде осы орманда үлкендігі осы театр үйіндей барабан пайда болыпты. Дүңкілдеген даусы жер жарып, айбаттанғанда ормандағы жан біткеннің жүрегі жарылып өліпті. Содан бері қоян тұқымы азып кеткен екен. Ал, ол бейбақтар дүңкілдеген барабанның іші қуыс екенін білмепті-ау. Қоян жүрек болмау үшін, не нәрсенің де ішіне үңілу ақыл.