Темір торлы тас үйде
Көкірегім толды шерменен
Қанатты, тағы тұлпарым,
Арқырап келші кермеден;
Тұмарлап баптап, айдарын,
Құйрығын сүзіп ерлеген,
Құтқаршы мені қамаудан
Шынжырлап ерік бермеген;
Мініп ап "шу!" деп кетейін,
Жарысып соққан желменен,
Көбігің шықсын күмістей,
Шомылып аққан терменен;
Аймақты жарып дүбірің
Жаңғырсын таулар, жерменен,
Сыпыра шауып қырымды,
Амандасып қолменен;
Бұрқанған өзен, орманмен,
Зеңгір таумен, белменен;
Өңкей сорлы езілген
Көрісейін елменен.