Көбік сөзге қайсыбір қосыла алман,
Зұлымдықтың ызғары өсіп алдан,
Абайды да сабаған өзімізбіз,
Махамбеттің басын да кесіп алған...
Алсаң енді біздерді қыспаққа алғын,
Мен де жауды келеді түстеп қалғым.
Сәкен менен Ілияс, Бейімбетті
Өз халқының жауы деп ұстатқан кім?