Қараойдың қары жұқа, қамысты аралына түскендердің ішінде Бақтыбайлардың да жылқылары келді. Жылқышыларды бастап келген Тастан. Со жылы Қадишаның әкесіне Тастанның құты түсіп, қарамағына жылқышылыққа алып, ауыздарынан ақ май ағызды. Ақыры, жер аяғы кеңи келе, қыстан арық шыққан жылқыларынан қалың мал беріп, ағайындарының малымен қоса балалардың ең тұңғышы Қадишаны