Елу жылда ел жаңа. Елін тапқан ер жаңа. Бабын тапқан жер жаңа. Жалғыз үйдей жым-жылас, жұрнақсыз қалған мен дара, ұрпақ та жоқ, дос та жоқ, адасқан қаздай мен ғана»
b5628549161has quoted2 years ago
Томаға-тұйық, сулық жатыр.
XAN IEMhas quoted2 years ago
Біздің ауданның бір өзінде 14 совхоз ашылмақшы.
XAN IEMhas quoted2 years ago
Қонақтар көп қинап, қолқа салмай-ақ өзінің күндегі айтып жүретін өлеңдерін мұрнынан тізіп ағыта жөнелді. «Аққұм», «Жайдарманнан» бастап, ауыл арасында айтылып жүретін соғыс жылдары шыққан өлеңдерге дейін тіркеп, соғып отыр.
XAN IEMhas quoted2 years ago
Ақбөпе осы үйдің келін баласы. Қазір жесір отыр. Күйеуі Жәлел боранда суыққа ұшып өлгелі, міне, табаны күректей бір жыл өтті.
Косиманов жездесі екен, бірақ қызға үйленбелі ойы бар
XAN IEMhas quoted2 years ago
Бәрінен де пайдалы оралған Тәшім молла болды. Осы маңда өлім-жітім бола қалса-ақ, кәрі құзғынша ұшып жететін молла, осы жолы да өзінің жуас торы биесіріс салт міне салып, сәскеде аттың басын осы үйге кеп бір-ақ тіреген. Көптен бастары қосылмай ындыны кеуіп, «сусап» жүрген кәрілерге күні-түні шариғат айтып, шөлдерін қандырған.
XAN IEMhas quoted2 years ago
Түтеген боран Жәлелді шыр көбелек айналдырып, дедектетіп ұшырып әкетіп бара жатқандай болады. Екі қолы көкке қарай ербеңдей беріп Жәлел сүрініп құлайды. Ұйтқыған есірік боран тұншықтыра тап беріп үстінен баса береді. Ақыры Жәлелді жермен-жексен етіп көміп, әрмен қарай бірін-бірі қуалай ойнақ салып ұзап кетеді.
XAN IEMhas quoted2 years ago
Халел үшін бір ыстық жер – құрбыларымен қатар ойнап-күліп, бірге өскен «Қызыл жалау» мен өзінің үйі тұрған «Малжан ағашы»
XAN IEMhas quoted2 years ago
совхоз директоры Моргун, бас инженер Райхан, шофермен қатар отырған өкіл артына бір жамбастай бұрылып, екеуімен сөйлесіп келеді.
XAN IEMhas quoted2 years ago
Федор Васильевич Моргун Тыңға келген совхоз директорларының ішіндегі ең жасы.