Сәкеннің көзі осы Хадишаға түсті. Осыдан аз жыл бұрын бұрымы селтеңдеген кіп-кішкене қыз еді. Лезде қалай бойжетіп үлгірген?!
Жас қыз Сәкеннің назарын аударып-ақ әкетті. Студент жігітке ол да қыз көзімен қылмия қарағандай болды. Жол бойы, шана үстінде бұлар оқушылармен қосылып, көп-көп ән шырқасты. Екеуі тіл қатысқан жоқ, бірақ бәрі де түсінікті болатын. Оқта-текте, қия жолда шана ауытқып кеткен шақта, Хадиша сы