жолы Яков жылады. Егіліп, шын жылады. Көнпіс Көбеген үшін. Бақытсыз Сақыпжамал үшін. Оқ астында қанға батып өлген бейтаныс әйел – өзінің туған анасы үшін. Тіпті, өмірін аурумен, азаппен өткізген сөйлеуік қара кемпір үшін. Түптеп келгенде өзі үшін. Кісі қолына қарап, біржола жетім қалғаны үшін. Өзін қанша басқанымен тоқтай алмады.