kk

Ілияс Есенберлин

  • b5236619534has quoted2 years ago
    Аюға ақыл үйреткен таяқ деген мақалды естігенің бар ма? Жерінен, билігінен айрылған қазақ айтқанға көнбей қайда барады? Күшпен көндіреміз. Арқасына қамшы ойнатып, соқа жегіп, жер жыртуды үйретеміз. Қол-аяғын матап шіркеуге кіргізіп, Иисус Христосқа шоқынуға мәжбүр етеміз.
  • j a fhas quoted2 years ago
    Күн сәулесіне шомылған көштің беті күнгей тұс. Көш басында тең үстіне қызыл ала масаты кілем жабылған күлсары атан жетектеген, солғын реңді кәрі шал. Астында тобылғы күрең ат, үстінде қоңыр түйе жүн шекпен, басында төрт салалы пұшпақ бөрік. Оның соңынан тізбектелген аттылы, түйелі қалың керуен. Кейбір қомды түйелерде ағараңдаған әйел кимешектері көрінеді. Шаңырақ доңғалақты екі аяқ шиқылдақ арбаларда кемпір-шал, бала-шаға… Қыз-келіншек, бозбала ат үстінде. Бірақ бұлар әдеттегідей ән шырқап, әзілдесе сөз қағысып, бірін-бірі қуып жарыспайды. Үн-түнсіз тұнжырап қалған. Көштің оң жағында қалың жылқы. Қырқаны бүйірлей тасыр-тұсыр жіті басып келе жатыр. Көш соңында қара мал, одан әрі жүре жайылған қотан-қотан қой-ешкі.

    Көш жүрісі шұғыл. Пысқырған жылқы, анда-санда боздаған түйе. Үстіне қауырт келіп қалған мал тұяғынан сасып, қияқ пен ши түбінен пырылдай ұшқан бөдене мен жапалақ.
  • Sd Camphas quotedlast year
    Бізді қуып Орынбордан қалың әскер шығыпты!
  • Жансая Оразалиеваhas quoted2 years ago
    Ойлай берсең — ой да көп, уайым да көп. Ойнай берсең — ой да жоқ, уайым да жоқ!
  • Жансая Оразалиеваhas quoted2 years ago
    Тағдыр деген қызық, біреудің жолына өзінің жасыл жібек кілемін төсейді, ал енді басқа біреудің барар жері, басар тауын қалақай мен тікенек етеді.
  • Жансая Оразалиеваhas quoted2 years ago
    «таста тамыр, ханда бауыр жоқ»
  • Жансая Оразалиеваhas quoted2 years ago
    Бақанын алсаң, шаңырақ жерге құлайды...
  • Жансая Оразалиеваhas quoted2 years ago
    Бұқар жыраудың бір тұжырғаны: хан, сұлтан, билерді қызықтыратын тарих бар да, халықты қызықтыратын тарих бар екен. Ол халықтың өз тарихы, өзінің арасынан шыққан, елі мен жері үшін күрескен қаһармандарының ерлігі.
  • Жансая Оразалиеваhas quoted2 years ago
    Халқы жақтамаған соғыс қашан да шапқыншылардың күйреуімен біткен. Бұл — тарих қағидасы. Әттең не керек, ел басқарушы күштілер сол тарихи сабақты естерінен шығарып алады. Басқаны былай қойып, қазақ хандарының кейбіреуі бөтеннің жерін басып алам деп жүріп, сол жат жерде қаза тапқан.
  • Жансая Оразалиеваhas quoted2 years ago
    Қандай данышпан едің, байғұс қазақ?! Сенен басқа бірде-бір халық дүние шіркінге «жалған» деген ат қоймаған болар. Қалай тауып қойғансың. Қу дүние, шын жалған екенсің... Өттің де, кеттің ғой...
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)