bookmate game

Сайын Мұратбеков

  • merwerthas quoted2 years ago
    Жазға салым Жусандытөбе жақтан қоңыр салқын самал еседі. Ашқылтым иіс аңқиды. Жусанның иісі. Сондайда есіме тағы да Аян түседі.
  • b1979059544has quoted2 years ago
    . Өле-өлгенінше қолынан келгенінше балаларының отымен кіріп, күлімен шыққанды әрбір ананың өзі-ақ тілейтін шығар. Өйткені әжемнің көрші-көлең кемпірлерге:
    — Е, алла, осылардың бейнеті маған зейнет емес пе. Осылардың алдында өлсем арманым бар ма,— деп айтқанын талай рет естігем. Сондықтан да мен әжемді дүниедегі бақытты ананың бірі санайтынмын.
  • b1979059544has quoted2 years ago
    Ал ара түскеніне бой бермей қызыл шеке бола бастасақ, әжем бар даусымен налып, айқай салушы еді.
    — Құдай, құдай... Осы ит жыны бірікпеген иттердің ортасында азапқа салғаныңша алсаң етті мені! — дейтін.
  • b1979059544has quoted2 years ago
    Ешкімге байқатпай жиі-жиі күрсініп уһілейтінді шығарды. Балалар өзара төбелесе қалса бұрынғысынан да қатты қапаланып, «құдайды», «қу» да, «шұнақ» та деп әбден даттап, ащы-ащы қарғанатын.
  • b1979059544has quoted2 years ago
    у құдай, шұнақ құдай, осылардың күйігіне күйдіргенше, алсаң етті мені,— дейтін күйініп. Ал кейде оңаша қап жүн түткен боп отырып, ешкімге көрсетпей өзінен-өзі көзінің жасын іркіп алатын.
  • b1979059544has quoted2 years ago
    Ең болмаса, менің көзім тірі тұрғанда тату болса екен де, мен өлген соң не болса о болсын... Құдай ғой, мені де осылардың тозағына күйдіріп қойған...
  • b1979059544has quoted2 years ago
    Ойбай, анау пәленшені қарашы жетім-жесір боп өсіп еді, енді, әне, балаларының түздегісі түзде, ойдағысы ойда шетінен жетілген, болған-толған, бақыты жанған кемпір екен»,— дейді. Ал мен сорлы осылардың иттігін білдірмеймін деп түздегісіне түзде, ойдағысына ойда тыраштанам
  • b1979059544has quoted2 years ago
    Талдан таяқ жас бала таянбайды,
    Бала бүркіт түлкіден аянбайды...—
    деп жаңғырықтыра созады. Әжем дір ете түсіп, қолын көлегейлеген күйі алысқа тесірейе тесілді де қалды.
  • b2341084141has quotedlast year
    Құдай, құдай... Осы ит жыны бірікпеген иттердің ортасында азапқа салғаныңша алсаң етті мені!
  • b2341084141has quotedlast year
    Екеуміз оңаша қалғанымызда өткен-кеткенін айтып, ерінен жастай жесір қалып, үш ұл, бір қызды қалай адам ғып өсіргенін әңгімелейтін.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)